Мамандар барылдақ қоңыздардың Астанада қаптап кетуі қауіпсіз дейді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамандар барылдақ қоңыздардың Астанада қаптап кетуі қауіпсіз дейді

Мамандар барылдақ қоңыздардың Астанада қаптап кетуі қауіпсіз дейді

Биылғы жазда Астанаға қаптап кеткен барылдақ қоңыздар қауіпсіз, деп Астана әкімшілігіндегі ауыл шаруашылық басқармасынан хабарлады.

  • 2 Тамыз 2011
  • 1117
Фото - Caravan.kz

Биылғы жазда Астанада, әсересе сол жағалауда қоңыздар мен көбелектердің қаптап кеткені байқалады. Жиналып қалған қоңыздарды көшелерде, әкімшілік үйлерде, кеңселерде, үйлерден көруге болады.

«Астанада қоңыздар қаптап кетті. Мен сол жағалауды айтып отырмын. Бұрындары мұндай болмайтын. Ешкім де ешқандай ақпарат білмейді. Олар қауіпті ма, және неге олар қаптап кеткен», — дейді сол жағалаудағы министрлік қызметкері.

«Фитосанитарлық диагностика және болжамның республикалық орталығы» мемлекеттік басқармасының Целиноград аудандық филиалының директоры Ержан Ыбраевтың айтуынша, елорданың тұрғындары мен қанақтары барылдауық қоңыздардың қаптауына байланысты алаңдамауына болады.

«Олар адам ағзасына, жануарларға, өсімдіктерге қауіп төндірерліктей зиянкестер емес. Керісінше, қоңыздың өзі жыртқыш, және олар адамға зиянды жәндіктермен, олардың құрттарымен қоректеніп, пайда келтіреді. Мұнай қоңыздарды бұрыннан зиянкестермен күресте пайдаланған және олар сөзсіз пайдалы болып табылады», — деді Е. Ыбраев сейсенбі күні.

Ол, қоңыздармен күрес жолдары қарастырылмаған дейді. Егер қаласа елода халқы мен шаруашылық субъектілері өз күштерімен және қаражаттарымен барылдауық қоңыздармен күресулеріне болады.

Шатырқанат көбелектердің шабуылын негізінен қала бақтары мен скверлерінен, «Астана орманы» МКК санитарлық-қорғау зонасының территориясынан, «Астана Зеленстрой» АҚ тәлімбақтарынан көруге болады.

Мамандар көбелектер мен қоңыздардың таралған жалпы ауданы 4 мың га екендігін айта отырып, ол алдағы уақытта ұлғаюы мүмкін дейді.

Астананың «жасыл белбеуін» қорғау үшін қажет қаражатты жергілікті бюджеттен бөледі.

Оларды өңдеуге 1 га-ға Т4680,6 қаражат қажет, яғни жалпы алғанда Т18,8 млн қажет. Тамыз айының басында шатырқанат көбелектердің құрттарын жою үшін территорияны химиялық өңдеуден өткізу жоспарланған.