Мамандар Каспий теңізіндегі итбалықтардың жаппай қырылу себептерін анықтай алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамандар Каспий теңізіндегі итбалықтардың жаппай қырылу себептерін анықтай алмай отыр

Мамандар Каспий теңізіндегі итбалықтардың жаппай қырылу себептерін анықтай алмай отыр

Биылғы мамыр айында қырылып қалған Каспий итбалықтарына жасалған сараптама қорытындысы шықты. Бірақ, мамандар теңіз жануарларының жаппай қырылуына не себеп болғанын анықтай алмады.

  • 7 Шiлде 2011
  • 483
Фото - Caravan.kz

«Вирусты індет, радиоактивті қалдықтармен және мұнай өнімдерімен улану нышаны байқалмайды. Яғни, итбалықтардың қырылуына сеп болған негізгі фактор белгісіз күйінде қалып отыр», — деп бейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Ақтаудағы «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің директоры Кирилл Осин мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл мәселе әлі басы ашық күйінде қалып отыр. «Ешкім ешқандай жауап берген жоқ», — дейді маман.
«Біз Каспийдің қоректік базасы сиреп кетті, балықтар азайды дегенді жиі естіп жүрміз. Бір жағынан, итбалықтардың қырылуы осыған байланысты болуы да мүмкін», — деп қосты эколог.

Соңғы жаңалықтар