Мамандар: Кеңқияқта орын алған апат адам денсаулығына әсер етпейді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамандар: Кеңқияқта орын алған апат адам денсаулығына әсер етпейді

Мамандар: Кеңқияқта орын алған апат адам денсаулығына әсер етпейді

Кеңқияқ кенішіндегі орын алған апат адам денсаулығына әсер етпейді, дейді ТЖ салдарын жоюмен айналысқан мамандар.

  • 16 Маусым 2011
  • 583
Фото - Caravan.kz

«Газ ұшып кетеді. Қазір ұңғының маңын тазарту жүріп жатыр. Халық үшін ешқандай қауіп-қатер жоқ және болған да емес. Мен апат орнынан 70 м жерде ешқандай маскасыз тұра бердім», — деді бұрқақтарға қарсы күрсеке маманданған «Ақ берен» әскери жасағының Ақтөбедегі филиал директоры Юрий Егоров бейсенбі күні.

Одан басқа, Тобыл-Торғай экология департаментінде ластанған топырақ полигонға апарылып, ал бұл жер топырақпен жабылады дейді.

Ю. Егоровтың айтқаны бойынша, 8-ші маусымда 20:20 сағатта Ақтөбе облысының Темір ауданында «Ұлы қорған» ҚҚБК ЖШС бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде №8107 ұңғысында газ атқылау орын алды. Кеңқияқтағы апат салдарын жою жұмыстары үш күнге созылды.

Ю. Егоровтың айтуынша, «Ұлы қорған» бұрғылау компаниясы ұңғыда мұнай шығымын ұлғайтатын жаңа технологияны сынақтан өткізіп жатқан. «Ақ берен» директоры бұл жұмыстарды жүргізу жоспары міндетті талаптармен үйлестірілмеген дейді.

«Бізге ұңғыны игеру жұмысында қиындықтар туындады деп хабарлады. Шұғыл түрде апат орнына 12 қызметкер шықтық. Біз барлық қажет аспаптар мен жабдықтарды алып келгенімізбен, ұңғыдағы жағдайды тез арада түзету мүмкін болмады. Қосмша жабдықтарды тікұшақпен жеткізуге тура келді», — деді Ю. Егоров.

Оның мәліметтерінше, «Ұлы қорған» ҚҚБК ЖШС ұңғыны бұрғылап болып, оны пайдалануға «АқтөбеМұнайСервиске» тапсырмақшы болған, бірақ оларда бос бригада болмай шыққан. Сол себептен олар бұл жұмысты «М-Техсарвис» ЖШС-ке тапсыру туралы шешім қабылданған.

Компания орнатқан жабдықтар іске қосылмауы себепті мұнай мен газ лықсымалары орын алған. 3 күн бойына бұрқаққа қарсы күрес жасағының жауынгерлері арнайы костюм мен тыныс алу аппараттарын пайдаланып жұмыс істеді.

Апат тек 11-ші маусымда ғана жойылды. Атап айтқанда, мұнай мен газ шығып жатқан жерлер жабылып, ұңғыны сөндіру жұмыстары жүргізілді. Ағып шыққан мұнайды жинап алып, газды жағып жіберу үшін газосепаратор орнатылды.

Соңғы жаңалықтар