«Балалар бір донордан немесе қанның бөлшектелген бір дозасынан індет жұқтырған болуы ықтимал»,- деп хабарлады журналистерге АҚШ денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау департаментінің аурулардың алдын алу және бақылау орталығының Орталық Азия жөніндегі CDC бағдарламасының директоры Михаил Фаворов хабарлады.
Оның айтуынша, CDC бағдарламасының қызметкерлері республикалық СПИД орталығының мамандарымен бірлесе отырып молекулалық-биологиялық зерттеулер жүргізу нәтижесінде ВИЧ індетін жұқтырған балалардың бір бөлігінен бірдей вирус анықтады. «Бұл індеттің таралуына қан ауыстыру себепкер болғанын дәлелдейді. Қалған балаларда да вирустың құрылымы ұқсастау, ал бұл олардың ауруды медициналық жабдықтарды дұрыс пайдаланбаудан жұқтрыған болуы ықтималдығын көрсетеді»,- деді М.Фаворов.
Алайда, облыстық денсаулық сақтау департаментінің хабарламасына жүгінсек, әзірге донорлар арасынан ВИЧ індетін жұқтырған ешкім табылған жоқ.
Облыстық прокуратурадан Kazakhstan Today агенттігіне хабарлауынша, балаларлың ВИЧ індетін жұқтыруына қатысты қылмыстық істі тексеруші тергеушілер тобының жұмысы одан әрі жалғасуда, ақырғы қорытынды әлі шыққан жоқ.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында 80 бала ВИЧ індетін жұқтырды, олардың 8-і қайтыс болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті