Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sn.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Чемпионымыз Елдос Сметов жайында. Күнұзаққа мыңдаған видео көрдім. «Неге қасында әйелі емес, мамасы?». Адамдар, бұл шектен шыққандық пен абсурд емес пе? Бастарыңызды қайда сұғып жатқандарыңыз туралы бір ойланып көру керек сияқты. Ойланыңыздар! Сіздер бөтен біреудің отбасына бас сұғып жатырсыздар. Ол мамасын басына көтеріп ала ма, мойнына отырғызып ала ма өзі білетін шығар. Әр отбасы – ол бір бөлек мемлекет. Сол мемлекеттің ішінде өз ережелері бар, өз принциптары бар. Ол кісі үшін мамасы бірінші орында болса, ол оның құқығы, өзінің жеке ойы. Доғарыңыздар! Әр адамның өз қалауы, өз түсініктері болады. Егер ол адамның өмірлік ұстанымдары сіздікімен сәйкес келмесе, оны жерден алып, жерге салу — надандық, ақымақтық! Не шаруаларыңыз бар? Маған түсініксіз. Әр отбасы кімнің қайда жүру керектігін өзі шешсін. Құрметті мін іздеп жатқан әйелдер қауымы, түймедейді түйедей етіп, араласпайтын дүниеге араласып, талқыланбайтын тақырыпты талқылап жатырмыз. Өз күйеуіңіз чемпион болады, сол кезде күйеуіңіздің қасына тұрып алыңыз. Ал мамасын артына жіберіңіз, деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, белгілі коуч Елдос Сметовпен бірге өмірлік жары емес, анасы жүріп келе жатқан видеоны жариялап арнайы жазба қалдырған еді.