"Мамасының етегінен шыға алмай": Заңгер Гүлзира Айдарбекованың баласын жоқтаған әрекетін, "надандық" деп бағалады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мамасының етегінен шыға алмай": Заңгер Гүлзира Айдарбекованың баласын жоқтаған әрекетін, "надандық" деп бағалады

"Мамасының етегінен шыға алмай": Заңгер Гүлзира Айдарбекованың баласын жоқтаған әрекетін, "надандық" деп бағалады

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек продюсер Гүлзира Айдарбекованы әбден сынады.

  • 22 Шiлде
  • 137
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы заңгердің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Мамасының баласы десе, мән бермейтін едім, айналдырған 15 күнді, он бес жыл алғандай жоқтады!

Баласы кінәсіз болса мақұл екен, ел алдында жүрген жұлдыз ішіп алып төбелесу- ол қоғамдық ортада тыныштықты бұзу!

Жас болса мақұл екен жастықпен жасады ғой дейтін, жасы қырыққа келген баласының іс әрекетін күнде әлеуметтік желі арқылы жырлап отыру, бұл енді барып тұрған надандық!

Заң үстемдігін орнатқымыз келсе, елдің алдында жүрген жұлдыздар бірінші тәртіпке бағыну керек!

Биліктегі көкелердің алдында сайрап жүрміз, “крышалар құтқарып қалады” деген түсүнікті жою керек!

Қаншама жас жігіттер жазықсыз 10-15 жылды арқалап кетіп жатыр!

Журналистер! Әділетсіздікке тап болып шырылдаған аналардың жан айқайын дәл осылай шығарсаңдар ғой шіркін!

“Баламның іс әрекеті дұрыс емес, бұл отбасымызға менің жасаған жұмысыма үлкен сын”-деп, бұл тақырыпты сол кезде жабу керек еді!

Алайда, баласынан батыр жасап, оны ақтап қайта-қайта мен анамын деп емірене беру баланың жасаған заң бұзушылығын қолдау!

Баласы елін қорғап соғысқа барып келсе, қоғамдағы жемқорлықпен күресіп жүрсе мейлі екен, оны түрмеден жарияға жар салып күтіп алу бұл енді масқара!

Қырыққа келіп өзі жасаған ісіне өзі жауап бере алмай анасын арластыру, бұл ҰЯТ!

Бұл біздің қоғамда — әлсіз мамасының балалары көбейіп кеткендігінің айқын көрінісі!

Менімен келіспей “ол ана баласын әрине қорғайды”, дейтін шығарсыздар!

Балам екен деп барлық жерге мұрнын сұға беру, баланың келесі қылмысқа жол ашуына мүмкіндік беру!

Еркек- еркекше шешім қабылдап, жауапкершілікті мойнына алатын уақытты, өзіне қалдыру керек!

Қәзіргі уақытта заңды көбінесе мамасының етегінен шыға алмайтындар бұзып жатыр!», деп жазды.

«Кімнің ұлы болсын, заңның алдында бірдей болу керек. Бірақ «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін» дегеннен ары аса алмай жатырмыз», «Дұрыс айтасыз, елге белгілі болып, өзін өзгеден биік санау, қанша адамның түбіне жетіп отыр, ұялмай», «Міне, әңгіменің нүктесі болды», деп жазды халық.