Мамбет! Ресейден Қазақстанға келіп, нанын тауып жүрген келімсек қазақтарды осылай балағаттан - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамбет! Ресейден Қазақстанға келіп, нанын тауып жүрген келімсек қазақтарды осылай балағаттан

Мамбет! Ресейден Қазақстанға келіп, нанын тауып жүрген келімсек қазақтарды осылай балағаттан

Әлеуметтік желіде Ресейден келіп білдей бір мейрамханада директор болып жүрген әйелдің жергілікті тұрғынды балағаттағаны және желідегілердің бірін «мамбет» деп келемеждегені қызу талқыланып жатыр.

  • 13 Наурыз 2018
  • 8542
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Оқиға өткен демалыс күндері Алматының әйгілі Көктөбесінде орын алған. Оқиғаның басты кейіпкері Алматылық тұрғын Шолпан Әли мен «Көктөбе» мейрамханасының директоры мәскеулік Милана Зур есімді әйел. Шолпанның желідегі жазбасына қарағанда отбасымен бірге аталған мейрамханаға тамақтануға кірген екен. Оларды VIP бөлмеге таяу жерге отырғызған. Шолпанның кішкентай қызы қадірлі меймандар отыратын бөлмеге есігі ашық тұрғандықтан жүгіріп кірмек болыпты.

Міне сол кезде өзін мейрамхана директорымын деп таныстырған Милана Зур дөрекі сөйлеп, оғаш мінез көрсеткен. Шолпан Әлидің айтуынша, ол бұларға «ақымақтар», «жоғал бұл жерден» «отбасыңыды алып құры» деген сияқты қатты сөздер айтқан көрінеді. Бұл жағдайды жәбірленуші телефонға түсіре бастаған. Соңынан күзетшілер мен мейрамхананың өзге қызметкерлері келген. 

 

 

Posted by Sholpan Ali on Saturday, March 10, 2018

 

Кейін Шолпан орын алған келеңсіз оқиғаны әлеуметтік желіге бірнеше мәрте жазды. Бұл қазақстандықтардың ашу-ызасын туғызды. Әсіресе қоғамдағы әлеуметтік теңісіздіктің орнап бара жатқаны, «бай» мен «кедей» болып бөлінуге наразылар өз пікірлерін қалдырып жатты. Бұл ұлтаралық араздықты қоздыру дегендер де табылды. 

Әйтседе Милана Зур желідегілерге жауап қайтара бастаған. Мұнымен тоқтамамаған ол желідегілердің бірі Дмитрий Куцельді «мамбет» деп айтып салған.


«Иә, мен орысмамбетпін және сол үшін мақтанамын! Қазақ жерінде туып өскендіктен осы елді құрметтеймін. Қазаққа күйеубала және қазақ тойында 3 мәрте күйеужолдас болдым»,-деп жазды Куцель. 

Ал өзге қазақстандықтар #ямамбет хэштегімен флешмоб бастап кетті. 

Дегенмен бұл оқиға одан ары өрби түсті. Көрші елден келіп, қазақ жерінде нанын тауып жүрген Милана Зур қатты кеткені үшін кешірім сұраған көрінеді. Әйтседе Шолпан Әли Милана бір күндік жалған аккаунт ашып, Куцельден ғана кешірім сұраған кейіп танытып отыр деген пікірде. Қысқасы Шолпан Әли Милана Зурдың үстінен сотқа арыз түсірмекші. Әзірге мейрамханада Милананың іс-әрекетіне орай қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқан көрінеді.

Шолпан ӘлиШолпан Әли
Соңғы жаңалықтар