Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+14 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

  • 30 Тамыз 2020
  • 9
Фото - Caravan.kz

"Құрметті отандастар! Сіздерді еліміздің тарихындағы айтулы оқиға — Қазақстан Конституциясының 25 жылдығымен құттықтаймын! Басты Заң Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және унитарлық мемлекет ретіндегі негіздерін бекітіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды.

Мемлекетіміздің сенімді конституциялық негізі құрылымдық экономикалық реформаларды жүргізуге және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға барлық қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Барша қазақстандыққа зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық пен табыс тілеймін!", — делінген құттықтауда.