Мамин шекарадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамин шекарадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды

Мамин шекарадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. 

  • 26 Қазан 2021
  • 17
Фото - Caravan.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов баяндама жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бақылауға алынған. Вирустың репродуктивті индексі – 0,96. Инфекциялық төсек-орындар 37%, реанимациялық төсектер 30% толы.

Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы "жасыл аймақта", Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары "сары аймақта" орналасқан. Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл аймақта" тұр.

Бүгінгі таңда 8,2 млн-нан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін, 7,4 млн-нан астам адам екінші компонентін алды.

Көрші елдердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік шекарадағы эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды.


Әсіресе шекара маңындағы өңірлердің әкімдеріне санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету, сырқаттанушылық деңгейіне мониторинг жүргізу және жедел шаралар қабылдау, сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру тапсырылды.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдеріне коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынын арттыру тапсырылды.

Денсаулық сақтау, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне халыққа вакциналау мен ревакцинацияның маңыздылығын, денсаулықты сақтаудың жалғыз жолы – коронавирусқа қарсы вакцина алу екенін түсіндіру жұмыстарын одан әрі жүргізу тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар