«Мамма мия» - талантты бойжеткендерді іздеуде! - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мамма мия» - талантты бойжеткендерді іздеуде!

«Мамма мия» - талантты бойжеткендерді іздеуде!

Сахнаға шығып, жұлдыз атанғың келсе, КТК-ға кел! Арнамыздың «Мамма мия» жобасы 2-ші маусымын бастайды. Желтоқсанның 15-і мен 18-і аралығында талантты бойжеткендер үшін кастинг жарияланды!

  • 16 Желтоқсан 2012
  • 654
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, аталмыш жоба арнамызда биыл ғана бастау алған болатын. Іріктеуден өткен 16 бойжеткен аналарымен қоса біраз сынға түсіп, қызықты сәттерді бастан өткерген еді. Дәлірек айтсақ, «Мамма мия» реалити-шоу форматында болғандықтан аналары қауіпті аймаққа түскен әнші қыздары үшін бәрін жасауға тырысып бақты. 1-ші маусым финалы ойдағыдай Түркияда қорытындыланып, 1 жарым млн теңге жеңімпаз Роза Саметоваға бұйырды. Ал 2-ші маусым одан да ауқымды болады деп күтеді шығармашылық топ. Іріктеу КТК арнасында өтетінін айта кетейік.

Наталья Крылова, КТК телеарнасы меншікті бағдарламалар дирекциясының директоры:

— Шын мәнінде «Мамма мия» жобасы көрермендер көңілінен осыншама орын алады деп күтпедік. Міне, «жүзден жүйрік» қыздарымызды іріктеп финалда құттықтағанымыз кеше ғана еді, енді бүгін 2-ші маусымды бастағалы отырмыз. Байқауға қызығушылық танытқандар болса, толық ақпаратты сайттан біле аласыздар!

Сонымен, 15,16,17,18 желтоқсанда сағат 12.00-ден 18.00-ге дейін КТК арнасында (Республика алаңы 13, Сәтбаев-Фурманов қиылысы)
14-16 жастағы бойжеткендерді анасымен бірге кастингке шақырамыз
. Вокалдық, әншілік, сахнада өзін-өзі ұстау, әртістік, тартымдылық қасиеттерін байқаймыз. Анасының да өнері байқалады. Өйткені қыздар анасымен бірге сахнаға шығады. Бүгінгі күні 30 бойжеткен тыңдаудан өтті. Көбісіне вокалмен, хореографиясымен жұмыс істеуге кеңес берілді. Тек 5 бойжеткен ғана қатысуға рұқсат алды. Олардың тағдыры алдағы кастингте белгілі болмақ, оған дейін үш күн қалды. Жобаға 12 жұп қатыстырылмақ.
Әділқазылар алқасы: Баян Есентаева — жобаның продюсері, Бағым Мухитденова — музыкалық продюсер, Гүлнұр Мамасарипова — атқарушы продюсер, Меруерт Есен — кастинг-директор, Наталья Фазылжанова — КТК меншікті бағдарламаларының директоры. Ал бүгін конкурсқа қатысушылардың талантын Алтынай Жорабаева бақылады. Алдағы күндері әділқазылар алқасы: Қайрат Нұртас, Айгүл Иманбаева, Мәдина Садуақасова.

Перейти к новостям спорта