«Мамма мия» жобасы екінші маусымын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мамма мия» жобасы екінші маусымын бастады

«Мамма мия» жобасы екінші маусымын бастады

Нәзік жандылардың сыналатын сәті. «Мамма мия» жобасы екінші маусымын бастады. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін сайыстың іріктеуінде биыл жүзден астам жұп бақтарын сынауды. Оның ішінде қазылар алқасын өз өнерімен таң қалдырып оза шапқан 12 жұп қана ақтық сайысқа жолдама алады. Ал бас жүлде-3 млн теңге. 

  • 20 Желтоқсан 2012
  • 309
Фото - Caravan.kz

«Мамма мия» жобасының екінші маусымына қатысу үшін келген қыздар мен олардың аналарының соңғы дайындықтары бұл. Бірі әнінің сөзін қайталап қобалжуын баса алмай жатса, енді бірі айнамен жұмыс істеп өзін қалыпқа келтіруде. Аналар да құр алақан емес, үйреніп келген билерінің қимылын еске түсіріп әлек.

Міне қазылар алдына шығатын сәт те таяды. Ең бастысы сан рет айтып, дайындап келген дүниені ұмытып қалмау. Ол үшін қасыңда анаң бар.

Бойжеткендер қазыларды ән мен биден бөлек ұлттық аспаптарда ойнап таң қалдырғысы келді. Десе де, сахна төріне шыққанда шатасып жатқандары да болды.

Айқын Төлепберген,әнші, қазылар алқасының мүшесі:

— Шынымды айтсам өзімді суперстардағыдай сезініп отырмын. Қазылар алқасында отырған қиын екен. Өйткені адамның бетіне «сен ән айта алмайсың, сенің дауысың жоқ» деген қиын. Адам өмір бойы дайындалғаны көрініп тұр, көздері жайнап қорқыныш тұр. Сен оны болмайды, өтпейді десең одан ары қорқытып жіберетін сияқтысың.

Талап қатал. Ұйымдастырушылар «дайын әншіні табу оңай, ал біздің мақсат талантты қыздан жұлдыз жасау» дейді. Сондықтан, бұл сайыстың жеңімпазы атану үшін тек ән айтып, би билеу аздық етеді.


Гүлнұр Мамасарипова, жобаның атқарушы директоры:

Былтыр бірінші маусым болғандықтан аналарға деген сынды көрермендер пікірін білмедім жалпы біз жеңілірек қылып жасадық. Биыл ондай жеңілдік болмайды. Өте-өте ауыр сыннан өтуге тура келеді.

Төрт күнге созылған іріктеуде жүзден астам жұп бақтарын сынады. Қазылар алқасын таң қалдыра алған 12-сі ақтық сайысқа жолдама да алып үлгерді. Ал теле шоудың финалы наурыз айында басталады. Бас жүлдеге 3 млн теңге тігілген сайысты КТК арнасынан көре аласыздар.