"МӘМС былығы": Ай сайын ақша төлеп, бір қызығын көрмедік - Сәуле Әбілдаханқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 516.85
  • 537.68
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"МӘМС былығы": Ай сайын ақша төлеп, бір қызығын көрмедік - Сәуле Әбілдаханқызы

"МӘМС былығы": Ай сайын ақша төлеп, бір қызығын көрмедік - Сәуле Әбілдаханқызы

МӘМС пайда болғалы оның небір қызығы мен шыжығы жетерлік.

  • 29 Қаңтар
  • 9
Фото: gov.kz

Белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы МӘМС жүйесін әбден жетілдіріп, шикіліктерін жоюды талап етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Асхат Аймағамбетов Мәжіліс отырысында міндетті әлеуметтік сақтандыру саласын сынға алған еді. Нартай Сәрсенғалиев те түрлі деректер келтіріп, бұл жүйені тоқтатуды ұсынған. Депутаттың сөзіне сенсек, осы сақтандыру аясында 5 айлық баланың тісін кариестен емдеген. Кариес былай тұрсын, бес айлық сәбиге тіс шыға ма әуелі?

Тағы бір адам 82 мәрте тісіне ем алған. Бәріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ақша төлеген. Неліктен?

Жауабы түсінікті. Клиникалар МӘМС арқылы көбірек ақша алу үшін көрсетілмеген қызметтерді қосып есептей береді. Соның салдарынан жұмысшының қалтасынан жырып берген қаражат басқа біреудің қалтасына жеңіл ақша болып түседі. Ал қарапайым адам ақысыз қызмет ала алмай, әбден зәрезап болады.

Бұдан шығатын жол бар ма? Әлбетте. Оны кешегі үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев та айтты. Президент міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін реформалау жұмысын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ МӘМС жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасын жедел пысықтау қажет екенін жеткізді.

«Сең қозғалды ма екен деп ойлап отырмын. Бұған дейін медицина саласына қатысты қарапайым халықтың сыны жиі айтылатын еді. Енді жаңа заң жобасы осы сессияның соңына дейін қабылдануға тиіс. Яғни, жаздан бастап жаңартылған МӘМС жүйесі жұмыс істей бастайды деген сөз.

Жазға дейін әлі бірнеше ай бар. Заң жобасын әбден пысықтап, шикілігін қалдырмау қажет. Мысалы, мемлекеттік емханаларда маман дәрігерлер санын 2 есе көбейту, соғұрлым жекеменшік емханаға жолдама беретін кездер жиі болады, ендеше МӘМС арқылы жеке емханаларда емделу тәсілін енгізу, оны жетілдіру жөн шығар. Өйткені мемлекеттік емханаларда ұзын-сонар кезек. Қызмет сапасы төмен.

Сондықтан жаңа жүйе арқылы осындай кемшіліктің бәрін ескеру қажет. МӘМС іске қосылғалы бері ай сайын төлеп отырамыз. Бірақ бірде-бір мәрте қызығын көрмеген екенбіз. «Бірінші байлық – денсаулық» дейміз. Деніміз сау болсын десек, онда өзіміз төлеп отырған қаражатқа өзіміз ем алуымызға мүмкіндік жан-жақты жасалуға тиіс», — деп жазды журналист.