Мамыр айында Бакуде Әзербайжан мен Қазақстан біріккен астық терминалының іргетасы қаланады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамыр айында Бакуде Әзербайжан мен Қазақстан біріккен астық терминалының іргетасы қаланады

Мамыр айында Бакуде Әзербайжан мен Қазақстан біріккен астық терминалының іргетасы қаланады

БАКУ. 27-сәуір. Kazakhstan Today. Астық терминалының іргетасын қалау рәсімі республика үкімет басшысы Даниал Ахметовтың 5-мамырға белгіленген Әзербайжан Республикасына ресми сапарының аясында өткізілмек. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісі Әзербайжанның министрлер кабинетіндегі ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 27 Сәуiр 2006
  • 327
Фото - Caravan.kz

«Терминалмен жыл сайын 500 мың тонна астық айналады деп күтілуде. Бұл оны тек Қазақстанның астығын Әзербайжанға тасымалдау мақсатында ғана емес, сонымен бірге транзитті тасымалдау мақсатында да пайдалануға мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстанның «Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» АҚ мен Әзербайжанның бір компаниясы бірлескен кәсіпорын құрылды»,- деп хабарлады үкіметтегі ақпарат көзі.

Терминал құны 10-20 млн. долларға бағаланып отыр.

Әзербайжан жылына 3 млн. тонна астық тұтынады. Оның 1 млн. тоннасы импортталады.

Перейти к новостям спорта