Мамыр айында еліміздегі ақшалай қаржының көлемі 1,6%-ға артты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамыр айында еліміздегі ақшалай қаржының көлемі 1,6%-ға артты

Мамыр айында еліміздегі ақшалай қаржының көлемі 1,6%-ға артты

Мамыр айында еліміздегі ақшалай қаржының көлемі 1,6%-ға артып, Т1,143 трлн құрады. Дүйсенбі күні ҚР Ұлттық банкінің сайтында осындай ақпарат жарияланды.

  • 27 Маусым 2011
  • 383
Фото - Caravan.kz

Ақшалай қаржы мен ликвидті теңге депозиттерінен құралатын М1 агрегаты мамырда 0,8%-ға артып, Т3,519 трлн құрады.

Ақшалай қаржы мен теңге және ликвидті валюталық депозиттерден құралатын М2 индикаторы мамырда 0,6%-ға төмендеп, Т7,209 трлн құрады.

Еліміздегі ақша массасы немесе экономикадағы қаржы мамырда 0,5%-ға азайып, Т8,968 трлн құрады.

Ақша базасы немесе ҚР Ұлттық банкінің ақшасы мамырда 2,2%-ға азайып, Т2,843 трлн құрады. Тар мағынада ақша базасы 1,8%-ға азайып, Т2,308 трлнқұрады.

ҚР Ұлттық банкінің есепшоттарындағы екінші деңгейлі банктердің депозиттері мамырда 5,2%-ға азайып, Т1,541 трлнқұрады.

Соңғы жаңалықтар