Мамыр айында халықтың орташа ақшалай табыстары 11,4 пайызға артты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамыр айында халықтың орташа ақшалай табыстары 11,4 пайызға артты

Мамыр айында халықтың орташа ақшалай табыстары 11,4 пайызға артты

2011 жылғы мамыр айында халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 43316 теңгені құрады.

  • 12 Шiлде 2011
  • 444
Фото - Caravan.kz

Бұл 2010 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, 11,4 пайызға артық көрсеткіш. Ал халықтың нақты ақшалай табыстары 2,9 пайызға өскен. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, 2011 жылғы мамырда орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда тұр. Бұл өңірлердегі көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,5-1,8 есеге артқан. Сонымен бірге, 2011 жылғы мамырда табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары тұр. Аталған өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден орташа алғанда 60,8 пайыз және 70,7 пайызды құрады. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында тіркелген.

2011 жылғы мамырда өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 4,0 есені құрады. Өткен 2010 жылғы мамырда бұл көрсеткіш 3,6 есені құраған болатын.

Соңғы жаңалықтар