Мамыр айында Қазақстан халқының депозиттері ресми жалақы қорынан 5 есеге артты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамыр айында Қазақстан халқының депозиттері ресми жалақы қорынан 5 есеге артты

Мамыр айында Қазақстан халқының депозиттері ресми жалақы қорынан 5 есеге артты

Мамыр айында Қазақстан халқының депозиттері ресми жалақы қорынан 5 есеге артты, деп талдамалық ресурстар студиясынан хабарлады.

  • 13 Шiлде 2011
  • 464
Фото - Caravan.kz

«Мамыр айында жеке тұлғалардың салымдары Т1 416 048 млн, жалақы қоры (ЖҚ) — Т280 710 млн. Салымдар ЖҚ-дан 5 есеге артық», — делінген студияның сәрсенбі күні таратқан хабарында.

Студия сарапшыларының есептерінше, мұндай диспропорцияның негізгі үлесі Алматыдан шығып отыр. «Мамыр айында алматылықтар депозиттерге Т848 492 млн салды, ал олардың жалақыларының жиынтық қоры Т50 490 млн болды», — делінген хабарда.

Екінші орында бұл көрсеткіш бойынша Астана тұр. Елорданың жалақы қоры – Т22 966 млн, ал қалалықтардың салымдары – Т95 909 млн.

«Жалпы алғанда, Қазақстанның барлық аймақтарында жеке тұлғалардың ресми жалақы қор көлемінен салымдары артық екендігі байқалады», — дейді сарапшылар.

Студия мәліметтерінше, зерттеулерде ҚР Ұлттық банк мәліметтері мен ҚР статситика агенттігінің мәліметтері қолданылады.

Қазақстан халқы 16,5 млн адамнан астам.

Соңғы жаңалықтар