Жарияланды: 390

Мамыр айында сыртқы саудада өнімдерге бағаның жоғарылауы белгіленді

Статистика агенттігінің таратқан мәліметтеріне қарағанда, елімізде 2011 жылғы мамырда сәуірмен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 7,9 пайызға, импортталатын тауарларға - 3,4 пайызға жоғарылады.

Атап айтқанда, экспорттық жеткізілімдерге бір айға баға жоғарылауы көмірге - 13,5 пайыз, мұнайға - 10,1 пайыз, табиғи газға - 7,9 пайыз, цементке - 7,7 пайыз, мұнай өнімдеріне - 6,1 пайыз, алюминийге - 2 пайызды құраған. Ал бағаның төмендеуі сұйытылған пропан-бутанға - 14,8 пайыз, мырышқа - 3,9 пайыз, ферроқорытпаларға - 2,1 пайыз деңгейінде тіркелген. Бұдан бөлек, бағаның өсуі былғарыға - 14,3 пайыз, астыққа - 3,7 пайыз, мақтаға - 1,5 пайыз, жүнге - 1,2 пайыз шамасында байқалса, олардың темекіге төмендеуі 9,9 пайыз шамасында белгіленген. Ал импорттық түсімдерден макарон өнімдері - 14,2 пайыз, аяқкиім - 9,8 пайыз, дәрі-дәрмектер - 9,5 пайыз, шай - 6,7 пайыз, маргарин - 6 пайыз, құс еті - 5,3 пайыз шамасында қымбаттады. Керісінше, күріш - 15,1 пайызға, өсімдік майы - 11,4 пайызға, кофе - 5,9 пайызға, сүт өнімдері - 5,5 пайызға арзандады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін