Мамыр айында сыртқы саудада өнімдерге бағаның жоғарылауы белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамыр айында сыртқы саудада өнімдерге бағаның жоғарылауы белгіленді

Мамыр айында сыртқы саудада өнімдерге бағаның жоғарылауы белгіленді

Статистика агенттігінің таратқан мәліметтеріне қарағанда, елімізде 2011 жылғы мамырда сәуірмен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 7,9 пайызға, импортталатын тауарларға - 3,4 пайызға жоғарылады.

  • 12 Шiлде 2011
  • 379
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, экспорттық жеткізілімдерге бір айға баға жоғарылауы көмірге — 13,5 пайыз, мұнайға — 10,1 пайыз, табиғи газға — 7,9 пайыз, цементке — 7,7 пайыз, мұнай өнімдеріне — 6,1 пайыз, алюминийге — 2 пайызды құраған. Ал бағаның төмендеуі сұйытылған пропан-бутанға — 14,8 пайыз, мырышқа — 3,9 пайыз, ферроқорытпаларға — 2,1 пайыз деңгейінде тіркелген. Бұдан бөлек, бағаның өсуі былғарыға — 14,3 пайыз, астыққа — 3,7 пайыз, мақтаға — 1,5 пайыз, жүнге — 1,2 пайыз шамасында байқалса, олардың темекіге төмендеуі 9,9 пайыз шамасында белгіленген.

Ал импорттық түсімдерден макарон өнімдері — 14,2 пайыз, аяқкиім — 9,8 пайыз, дәрі-дәрмектер — 9,5 пайыз, шай — 6,7 пайыз, маргарин — 6 пайыз, құс еті — 5,3 пайыз шамасында қымбаттады. Керісінше, күріш — 15,1 пайызға, өсімдік майы — 11,4 пайызға, кофе — 5,9 пайызға, сүт өнімдері — 5,5 пайызға арзандады.

Соңғы жаңалықтар