Мамыр айында темір жол көліктерінің астына түсіп, үш адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамыр айында темір жол көліктерінің астына түсіп, үш адам мерт болды

Мамыр айында темір жол көліктерінің астына түсіп, үш адам мерт болды

Ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстанның темір жолдарында адамдардың қатысуымен тоғыз оқиға орын алды,

  • 27 Мамыр 2011
  • 411
Фото - Caravan.kz

оның үшеуі қайғылы аяқталды. Бұл туралы «Локомотив» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Сондай-ақ компанияның мәліметтеріне сүйенсек, темір жол өткелдерінде автокөліктермен соқтығысудың — үш, малмен соқтығысудың үш оқиғасы болды. Олардың негізгі себептері — темір жолдардың бойымен белгіленбеген жерден өту. Мысалға, 23 мамыр күні Түлкібас-Арыс учаскісінде пойыз темір жолдардың бойына кенеттен атып шыққан адамды қағып кетті. Берілген дабылдарға қарамастан, ол болат жолдардың қақ ортасына тұрып алған. Машинист пойыз жылдамдығын шұғыл түрде тежегенімен, ара қашықтықтың аз болуы салдарынан соқтығысудың алдын алуға мүмкін болмады.

Осы күні автокөлікпен екі соқтығысу оқиғасы орын алды. Біріншісі, күзетке алынбаған темір жол өткелі — Алматы-Сарыөзек учаскісінде тіркелді. Қозғалып келе жатқан локомотивке 25 метр қалғанда «Ниссан» көлігі болат жолдарға шығып кеткен. Тепловоздың машинисі жылдамдықты дереу тежегенімен, соқтығысуды болдырмау мүмкін болмады. Жолда жүру ережелерін бұзған 23 жастағы әскери қызметкер оқиға орнында көз жұмды.

Екінші оқиға да қайғылы аяқталды. Бурабай-Новоишимка учаскісіндегі темір жол өткелінде «Мерседес» көлігі жолға шығып кетіп, соқтығысқан.

«Локомотив» АҚ-ның бірінші вице-президенті Қазезқан Жұматаевтың пікірінше, орын алған қайғылы оқиғалардың жолда жүрудің қарапайым ережелерін сақтау арқылы алдын алуға болушы еді.

«Талдау нәтижесі, адами факторлар әлі де басты себепші болып отырғанын көрсетті. Учаскілерге жауапты қызметкерлер өздерінің жауапкершіліктеріне, жол қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне үстірт қарайды. Тіпті жоғары білікті, әрі еңбек өтілі жоғары машинистер ондай оқиғалардың алдын ала алмай қалады. Осыған орай біз, соқтығысуды болдырмау үшін уақытылы шара қолданбаған локомотивті бригадаларға қатаң шара қолдануды ұйғарып отырмыз, тіпті еңбек шартын бұзуға дейін жазалар қолданылмақ», — деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар