Жарияланды: 360

Мамыр айында Ұлттық қор активтері 5,81% артып, 38,1 млрд долларға жетті

Мамыр айында еліміздің Ұлттық қордағы активтері 5,81% артып, 38,126 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Жыл басынан бері қордағы қаржы саны 24,68% өскен. Өткен айда Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 2,65% төмендесе, жыл басынан бері 27,27% артқан. Сөйтіп, 36,006 млрд долларға жетті. Ал, валюта түріндегі активтері өткен айда 2,94% кеміп (жыл басынан бері 29,48% өскен), 32,680 млрд долларды, алтын түріндегі активтер мамыр айында 0,39% артып (жыл басынан бері 8,99%) 3,327 млрд долларды құраған. Халықаралық таза резервтер өткен айда 2,66% артып, 35,455 млрд долларға жеткен (жыл басынан бері 27,89% өскен).

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін