Мамыр айында Ұлттық қор активтері 5,81% артып, 38,1 млрд долларға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамыр айында Ұлттық қор активтері 5,81% артып, 38,1 млрд долларға жетті

Мамыр айында Ұлттық қор активтері 5,81% артып, 38,1 млрд долларға жетті

Мамыр айында еліміздің Ұлттық қордағы активтері 5,81% артып, 38,126 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Ұлттық банк.

  • 6 Маусым 2011
  • 351
Фото - Caravan.kz

Жыл басынан бері қордағы қаржы саны 24,68% өскен.

Өткен айда Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 2,65% төмендесе, жыл басынан бері 27,27% артқан. Сөйтіп, 36,006 млрд долларға жетті.
Ал, валюта түріндегі активтері өткен айда 2,94% кеміп (жыл басынан бері 29,48% өскен), 32,680 млрд долларды, алтын түріндегі активтер мамыр айында 0,39% артып (жыл басынан бері 8,99%) 3,327 млрд долларды құраған.
Халықаралық таза резервтер өткен айда 2,66% артып, 35,455 млрд долларға жеткен (жыл басынан бері 27,89% өскен).

Соңғы жаңалықтар