Мамырда елімізде айлық жалақы мөлшері 12%-ке артты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
0 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамырда елімізде айлық жалақы мөлшері 12%-ке артты

Мамырда елімізде айлық жалақы мөлшері 12%-ке артты

Қазақстанда мамыр айында әрбір қызметкерге шаққандағы орташа айлық номиналды жалақы мөлшері 22665 теңгені құрап, өткен жылғы осы мерзімдегіден 12% артты,- деп хабарлайды ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен.

  • 16 Шiлде 2003
  • 1003
Фото - Caravan.kz

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, орташа жалақы деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 4,3 есе, ең төменгі жалақы мөлшерінен 4,5 есе артық. Ал 2002-жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіштер тиісінше 4,2 және 4,8 есе артық болған.

Агенттік мәліметіне жүгінсек, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда номиналды жалақы көлемінің артуы қаржылық қызметтен басқа барлық экономикалық қызмет түрлерінде тіркелген.
Қонақүй және мейрамхана бизнесімен айналысатындардың еңбекақысы 28% , тұтынушыларға қызмет көрсету және қозғалмайтын мүлік операцияларымен айналысатындардың жалақысы 25%, көлік және байланыс саласындағылардың жалақысы 20,5% , коммуналдық және әлеуметтік қызмет саласындағылардың жалақысы 17% артты.
51782 теңгелік ең жоғары жалақы қаржылық қызмет саласындағылардың, ал 9100 теңгені құрайтын ең төменгі жалақы ауылшаруашылығындағылардың үлесіндегі қалпында қалды. Олардың арасындағы айырмашылық 5,7 есе (өткен жылдың мамыр айында айырмашылық 6,7 есе болатын).
Номиналды жалақы көлемі Атырау облысында 18,3%-ке артып ең жоғары көрсеткішке саналса, Қостанайда 17,2%-ке, Қызылордада 16,2%-ке , Шығыс Қазақстан облысында ең төменгі көрсеткіш- 4,1%-ке, Ақтөбе облысында 4,8%-ке артты.