Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда 0,8, 2010 жылғы мамырмен салыстырғанда 21,9 пайызға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,9, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқаға — 15,8, жемістер мен көкөністерге — 13,4, нан және жарма өнімдеріне — 8,1, қант, шай және дәмдеуіштерге 2,8 пайызды құрады.