Мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8%-ға артты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8%-ға артты

Мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8%-ға артты

Қаңтар-мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда Т6363,1 млрд құрады, бұл 2010 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, 5,8%-ға көп, делінген ҚР статистика жөніндегі агенттігінің ақпаратында.

  • 13 Маусым 2011
  • 407
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес, тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерларды игеру саласындағы өндіріс 4%-ға артса, өңдеуші өнеркәсіпте 8,7%-ға, электр қуатымен, газбен қамту, бу беру мен ауамен желдету саласында 6,7%-ға, сумен қамту, кәріз жүйесінде, қоқыстарды жинау мен бөлуді бақылауда 2,5%-ға артқан.

Статагенттіктің ақпаратына сәйкес, газ конденсатын қоса есептегенде, мұнай өндіру 33,6 млн тоннаны (+2,9%), табиға газ өндіру 16,7 млрд текше метрді (+8,4%) құрады. Бензин 1 млн тонна (-25,5%) көлемінде шығарылды.

Ферроқорытпа өндірісі 0,7 млн тонна (+0,8%), тегіс прокат – 1,4 млн тонна (+22,4%), рафинирленген мыс – 138 мың тонна (-1,6%), цемент – 2,6 млн тонна (+12,3%), электр қуаты – 37,3 млрд кВт/с (+4,6%), ұн 1,4 млн тонна (-7,4%) болды.

Соңғы жаңалықтар