Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Жалпы Қазақстан бойынша сәуір айының соңына дейін 3400 жағдай тіркеледі деп болжап отырмыз. Ал мамыр айының соңына дейін 5 300 науқас болуы мүмкін. Осыған дейін айтқанымдай жағдайлардың көбі сырттан келгендерден тіркеліп жатыр. Соңғы екі аптада ондай 200 жағдай тіркелді. Бұл көрсеткіш сыртқы қауіпті білдіреді, бірақ ішкі емес", — деді ол.
Айта кетейік, соңғы деректер бойынша бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3 078-ге жетті, жазылып шыққандар саны — 774, ал қайтыс болғандар — 25.