Мамытбековтың орынбасарының нанды турап сату ұсынысы үлкен дау туғызды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамытбековтың орынбасарының нанды турап сату ұсынысы үлкен дау туғызды

Мамытбековтың орынбасарының нанды турап сату ұсынысы үлкен дау туғызды

Еліміздің дүкен сөрелерінде енді кесілген нан сатылуы мүмкін. Себебі Ауылшаруашылығы министрлігі ас атасының көлемін өзгертіп, оны турап сатуды ұсынып отыр. Шенеуніктің ойынша, жұрт бір көмеш нан алғанымен оның жартысын да жемей қалдыққа тастайды екен.

  • 11 Қараша 2015
  • 303
Фото - Caravan.kz

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

-Нанды бөліп сату өте дұрыс. Неге нан желінбей қалуы керек? Өйткені, нан аламыз да оның жарты бөлігін де жемейміз.

Осылайша, министрлік жұртқа нанды ысырап қылмауға үйретпек. Бірақ, Ауыл шаруашылығының бұл даулы  бастамасы қазірдің өзінде үлкен  түсінбестік туғызып отыр. Оның үстіне нанды қалай турап сатудың реті ойластырылмаған. Еліміздегі №1 тағамды еркіндікке жібергелі жатқан  Үкімет бағаны реттеуден де бас тартып, нарықтың ырқына қоя бермек. Өйткені, бағаны ұстап тұру үшін жыл сайын 8 миллиард теңге бөліп отыруға енді бюджет қауқарсыз. Субсидия қысқара сала нан бағасы да 90 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар