Мәнерлеп сырғанау: Франциядағы Гран-при турнирінде Д.Тен үшінші орынды иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәнерлеп сырғанау: Франциядағы Гран-при турнирінде Д.Тен үшінші орынды иеленді

Мәнерлеп сырғанау: Франциядағы Гран-при турнирінде Д.Тен үшінші орынды иеленді

Францияның Бордо қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирі мәреге жетті.

  • 23 Қараша 2014
  • 439
Фото - Caravan.kz


Алғашқы күні қазақстандық Денис Тен қысқа бағдарламасын тамаша сырғанап, ең жоғары ұпайға қол жеткізіп, топ бастаған болатын. Еркін бағдарламаға қазақы ою-өрнегі бар костюмін киіп шыққан Денис, өкінішке қарай, бірнеше қателіктерге бой алдырды.

Сөйтіп Гран-при сериясының бұл кезеңінде екі күннің қорытындысы бойынша 243,35 балл жинаған ресейлік Максим Ковтун жеңіске жетті. Жапондық Тацуки Матида 237,74 ұпаймен екінші орынды иеленді. Ал Денис Тен 236,38 ұпаймен қола жүлдені еншіледі.