Жарияланды: 20

Мәнерлеп жүзуден әлем чемпиондары Алматыға оралды

Мәнерлеп жүзуден әлем чемпиондары Алматыға оралды

Бүгін, 12 ақпан күні мәнерлеп жүзуден әлем чемпиондары - Эдуард Ким мен Наргиза Болатованы жанкүйерлері Алматы әуежайында күтіп алды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшыларды жарқын жеңісімен құттықтауға туыстары мен жанкүйерлері келді.

Жүзуден тұңғыш алтын жүлдені сыйлаған Наргиза Болатова өз әсерімен бөлісті.

Бұл жетістікке жету үшін аянып қалмадық. Дегенмен әлем чемпионы атанамыз деп ойламадық. Себебі, біздің қарсыластарымыз әлем чемпионы – Италия, әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері – Қытай, былтырғы күміс жүлдегер – Испания, сондай-ақ Мексика, Колумбия сынды мықты елдер болды. Десе де өз шеберлігімізді көрсетіп, тарихи жүлдені қанжығамызға байлағанымызға қуаныштымыз. Финалдық кезеңде 12 жұп өнер көрсетіп, Қытай командасы алтын, Испания күміс, Мексика қола медаль жеңіп алды. Еркін бағдарламада үздік бестіктен көріндік,- дейді спортшы Наргиза Болатова.

Еске салайық, су түрлерінен Қатар астанасы Дохада өткен әлем чемпионатында әртістік жүзуден техникалық аралас дуэт бағдарламасында Эдуард Ким мен Наргиза Болатова чемпион атанған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін