Маңғстау облысының әкімі «Өзенмұнайгаз» кәсіподағымен құқықтық алаң аясында келіссөздер жүргізуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғстау облысының әкімі «Өзенмұнайгаз» кәсіподағымен құқықтық алаң аясында келіссөздер жүргізуге дайын

Маңғстау облысының әкімі «Өзенмұнайгаз» кәсіподағымен құқықтық алаң аясында келіссөздер жүргізуге дайын

Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев туындаған еңбек дауын шешу үшін «Өзенмұнайгаз» ӨФ (ӨМГ) кәсіподақ басшылығымен құқықтық алаң аясында келіссөздер жүргізуге дайын, делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарда.

  • 16 Маусым 2011
  • 541
Фото - Caravan.kz

Кешегі сәрсенбіде Ақтауда Қ. Көшербаев «Өзенмұнайгаз» ӨФ кәсіподақ және оның өндірістік бөлімше басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында еңбек ұжымында туындаған тығырықтан шығу жағдайына байланысты пікір алмасу болды.

Кездесу барысында облыс әкімі кез келген мәселені құқықтық алаң аясында талқылауға дайын екендігін жеткізді.

Сондай-ақ ол «Өзенмұнайгаз» ӨФ ұжымын құқықтық шеңберден аспай, жұмысқа шығуларын сұрады.

Бұрын хабарланғандай, 26-шы мамырда «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өндірістік филиалы — ӨМГ компаниясының 250 жұмысшысы ереуіл бастап, тағы 10 жұмысшысы аштық жариялаған болатын. 16-24-ші мамыр аралығында өндірістік құрылымның 22 жұмысшысы аштық жариялауға, жалақы төлем жүйесін өзгертуге қатысты 6 талаптан тұратын өтінішін жергілікті атқару және қадағалау органдарына, сондай-ақ Жаңаөзен соты мен кәсіпорын басшылығына берді. 24-ші мамырда Жаңаөзен соты талаптарды заңсыз және негізсіз деп таныды.

2-ші маусымға ӨМГ-де ереуілдегендер саны 893 адам болып, олар негізінен техникалық көліктердің жүргізушілері болды. Арнайы техникалардың тұрып қалуы 60%-тан 80% аралығында болды.

3-ші маусымда ӨФ-дегі наразылық акциясына қатысушылардың саны 724 адамға дейін қысқарды. Арнайы техниканың тұрып қалуы 52% болды. Компания еңбек туралы заңды бұзып жұмысқа шықпай қалғандармен келісімшартты бұзуды жалғастыруда. Қазір 62 адам жұмыстан қуылды.

Соңғы жаңалықтар