Моңголияның астанасында өткен бодибилдинг және фитнес бойынша чемпионатқа әлемнің 40 елінен 400 спортшы қатысты. Спортшылар 42 категория бойынша бақтарын сынады. Чемпионат барысында барлық жиынтығы 42 алтын, күміс және қола медаль сарапқа салынды. Байрақты бәсекеде 2016 жылы Маңғыстау аруы атанған Ляззат Акшаева жеңіске жетіп, алтыннан алқа тақты.