Маңғыстау: аттракционда зардап шеккен қыз әлі есін жиған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау: аттракционда зардап шеккен қыз әлі есін жиған жоқ

Маңғыстау: аттракционда зардап шеккен қыз әлі есін жиған жоқ

Маңғыстау облысының Мұнайшы ауылында ойын-сауық саябағында батуттан құлап зардап шеккен жеті жасар қыз баланың жағдайы әлі ауыр.

  • 22 Маусым 2011
  • 436
Фото - Caravan.kz

“Бақыт Арайлым жасанды демалдыру аппаратына қосылған күйі жатыр. Оның ми қабаты баяғыда өлген. Тек жұмыс істеп тұрған ствол жасушалары есебінен жүрегі жұмыс істеп тұр”, — деп “Интерфакс-Қазақстан” агенттігіне облыстық балалар ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Мұсаханов мәлімдеді.

Полиция болса батут аттракционын тексеру қорытындысын жариялауға асығар емес.
“ИФ-Қазақстан” агенттігіне облыстық ішкі істер департаменті “тексеру жүріп жатыр” деп мәлімдеді.
Бұрын хабарланғандай, Мұнайшы ауылында 24 мамыр күні қатты боран салдарынан ойын-сауық саябағында батуттың аударылуы салдарынан 14 бала зардап шекті, оның төртеуі жансақтау бөліміне жеткізілді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аттракцион иесі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Соңғы жаңалықтар