Маңғыстау: баукеспелер бір табын түйені сойып тастаған жерінен қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау: баукеспелер  бір табын түйені  сойып тастаған жерінен қолға түсті

Маңғыстау: баукеспелер бір табын түйені сойып тастаған жерінен қолға түсті

Маңғыстауда мал ұрлығын кәсіп еткендер құрықталды. Тәртіп сақшылары баукеспелерді бір табын түйені түгел сойып тастаған жерінен қолға түсірді.

  • 16 Шiлде 2011
  • 672
Фото - Caravan.kz

Оңай олжаға кенелмек болғандар 12 бас Ойсылқара тұқымын бір күнде жайылымда жүрген жерінен айдап әкеткен. Полиция барымташылардың ізіне бірнеше күн бұрын түсіпті.  Бес адам Жаңаөзен қаласы маңындағы тастанды құрылыс нысанын қасапханаға айналдырған екен. Бұған дейін де малды осы жерде мүшелеп, базарға шығарып отырыпты. Сақшылар келгенде,ұрылар соңғы түйені жіліктеп жатқан. Ұрланған малдың етін базарға шығарып сатқан барымташылардың сыбайласы да ұсталды. Ал қылмыс ұйымдастырып, топқа жетекшілік еткен кәсіби қасапшы көрінеді.


Гүлзайда Түлеуғалиева, Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің бастығы
:

— Сол жерде он екі түйенің терілері мен сирақтары табылып тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның қасындағы басқа адамдардың барлығы қазір тергелу үстінде.

Соңғы жаңалықтар