Маңғыстау облыстық "Батыс" аймақтық басқармасының шекарашылары табиғат қайкөйлерін ұстауда қару қолданған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облыстық "Батыс" аймақтық басқармасының шекарашылары табиғат қайкөйлерін ұстауда қару қолданған

Маңғыстау облыстық "Батыс" аймақтық басқармасының шекарашылары табиғат қайкөйлерін ұстауда қару қолданған

Маңғыстау облыстық "Батыс" аймақтық басқармасының шекарашылары кеше теңіздің еліміз аумағына қарасты бөлігінен 133 кило бекіре тұқымдас балықпен қоса кезекті браконьерлік топтарды құрықтады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҰҚКД-нің "Батыс" аймақтық басқармасынан хабарлады.

  • 26 Наурыз 2004
  • 752
Фото - Caravan.kz

Шекара қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанның аумақтық суларына үш бірдей кеме өтіп кеткен. Оларды МИ-8 тікұшағымен қууға тура келді. Қуғын барысында шекарашылар оларға қаратып оқ атуға мәжбүр болды.

Соның салдарынан жеңіл жараланған екі браконьер «Батыс» аймақтық басқармасына қарасты Ақтаудағы госпитальға жатқызылды. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.
Қуғын нәтижесінде екі шағын кеме ұсталды. Ал үшіншісі қашып құтылған. Шекарашылар ұсталған кемелерден ұзындығы 1500 метрлік аулар мен 133 кило бекіре тұқымдас балық тәркіледі.

Соңғы жаңалықтар