Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы: ереуілдеп жатқан мұнайшылардың тек екеуі медицналық көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы: ереуілдеп жатқан мұнайшылардың тек екеуі медицналық көмек сұрады

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы: ереуілдеп жатқан мұнайшылардың тек екеуі медицналық көмек сұрады

Маңғыстау облысында биліктің әрекетіне наразылық ретінде өздерін жарақаттап, 2 ереуілші дәрігерлік көмек сұрады, деп облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен сейсенбі күні хабарлады.

  • 8 Маусым 2011
  • 850
Фото - Caravan.kz

«5-ші маусымда Маңғыстау облыстық ауруханасына ішін тіліп кеткен екі пациент келіп түсті. Олар іштерінің аздап тілінгенінен басқа өздерінің денсаулығына қатысты ешқандай шағым айтқан жоқ», — делінген хабарда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтерінше, 13:50 сағатта Бейнеу аулының тұрғыны 29 жасар Қуаныш Сисенбаевқа және Форт-Шевченконың тұрғыны Ербол Кәрімовқа «Маңғыстау облыстық аурухананың» жарақат бөлімінде жарақат маманы мен хирургтың қарауынан соң, олардың денелеріне түскен жарақаттар өңделіп, тігілді.

«Олардың жалпы жағдайы тұрақталған соң, олар нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Бүгінге пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық күйде», — делінген баспасөз қызметінің хабарында.

Бұл ретте олар Қазақстанның социалистік қозағылысы (ҚСҚ) «өздерінің тамырларын кескен жұмысшылар саны әзірге белгісіз» деп шындыққа жанаспайтын ақпарат таратты деп отыр.

Ал «миы шайқалып, бас сүйегі зақымданған» деген диагнозға келсек, ондай диагноз ешкімге қойылмаған, делінген хабарда.

Өткен дүйсенбі күні Қазақстанның социалистік қозғалысының (ҚСҚ) ақпарат қызметі Маңғыстау облысында ереуілге шыққан бірнеше мұнайшы жергілікті биліктің әрекеттеріне қарсылық ретінде өздерін жарақаттады деп ақпарат таратты.

ҚСҚ-ның хабарлауынша, қазір ауруханада ауыр жағдайда жатқан екі адамның бірі – «Қаражамбасмұнай» АҚ-ның кәсіподақ белсендісі Қуаныш Сисенбаев, ол бас сүйек-ми жарақатын алған

Өз кезегінде «Азат» ЖСДП президиумының мүшесі М. Аспандиярова «Облыстың түрлі бөліктеріндегі аштық шарасына қатысушылардың жалпы саны 40 адамға жетті. Соңғы мәліметтерге сәйкес, олардың 30-ы дәрігердің көмегіне жүгінген», – деп мәлім етті.

Бұрын хабарланғандай, өткен аптада «Қаражамбасмұнай» АҚ мұнай өндіруші компаниясының, оның еншілес ұйымдарының 72 жұмыскері заңсыз наразылық акциясына қатысқандары үшін жұмыстан шығарылды.

Өткен бейсенбіде Қаражамбас кен орнындағы ереуілге қатысушылардың саны 164 адамға дейін қысқарды. Жексенбі күні Ақтауда полициясы ереуілге шыққан мұнайшыларды қолдап наразылық акциясын өткізген 37 адамды қамауға алды. Олар Қаражанбас кен орнындағы заңсыз ереуілге қатысқаны үшін жұмыстан шығарылғандардың бәрін қайтадан жұмысқа алуды, Наталья Соколованы қамаудан босатуды талап етті.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың 17 мамырында мұнайшылардың рұқсат етілмеген ереуілі мен аштық шарасы заңсыз деп танылды. Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 24 мамырда Түпқараған аудандық соты Н. Соколованы заңсыз ереуілді ұйымдастырғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кейін заңсыз әрекеттерін қайталағаны үшін 8 тәулікке қамалды.