Маңғыстау облыстық кеден қызметі Ресейдің "Бірінші Петр" кемесінен есірткі тасушыны ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облыстық кеден қызметі Ресейдің "Бірінші Петр" кемесінен есірткі тасушыны ұстады

Маңғыстау облыстық кеден қызметі Ресейдің "Бірінші Петр" кемесінен есірткі тасушыны ұстады

Жуырда Ресейдің "Бірінші Петр" кемесіне кедендік тексеру жүргізген кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Ақтау теңіз айлағында есірткі тасымалдаушы Ресей азаматын ұстады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Сәуiр 2004
  • 724
Фото - Caravan.kz

Ираннан Қазақстан арқылы Ресейге бет түзеген «Бірінші Петр» кемесі капитанының көмекшісінің дүние-мүлкін жеке тексерген кезде бір орама шыққан. Оның ішінен кеденшілер қаралтым түсті, ерекше иісі бар, шар пішінді, өсімдік тектес затты тапты. Сараптама қорытындысы оның салмағы 500 граммдық гашиш екенін көрсетіп берді.

Құқық қорғау мекемелері Ресей азаматының үстінен ҚР Қылмыстық істер Кодексінің 259 және 250 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол 5 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар