Маңғыстау облыстық прокурорлары жылдың бірінші жартысында 5754 заң бұзушылық деректерін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облыстық прокурорлары жылдың бірінші жартысында 5754 заң бұзушылық деректерін анықтады

Маңғыстау облыстық прокурорлары жылдың бірінші жартысында 5754 заң бұзушылық деректерін анықтады

Алматы. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облыстық прокурорлары жылдың бірінші жартысында 5754 заң бұзушылық деректерін анықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Тамыз 2008
  • 420
Фото - Caravan.kz

«Маңғыстау облыстық прокурорлары мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау барысында жылдың бірінші жартысында 343 тексеру жүргізіп, олардың нәтижесі бойынша 5754 заң бұзушылық дерегін анықтады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тексерулер нәтижесінде 162 наразылық қанағаттандырылып, соған сәйкес, 576 заңсыз акт, соның ішінде 13 нормативтік-құқықтық актінің күші жойылды. 401 таныстыруды қарау нәтижесінде 418 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 485-і — әкімшілік, 1-і материалдық жауапкершілікке тартылды.

Тексерулер нәтижесінде 4 қылмыстық іс қозғалып, оның 3-і сотқа жолданды. Сот мүліктік сипаттағы 16, азаматтық істер бойынша 6 шағымды қанағаттандырды. Олар 18,9 млн теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар