Маңғыстау облыстық соттарында маман тапшылығы айрықша сезілуде - облыстық сот төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облыстық соттарында маман тапшылығы айрықша сезілуде - облыстық сот төрағасы

Маңғыстау облыстық соттарында маман тапшылығы айрықша сезілуде - облыстық сот төрағасы

Маңғыстау облыстық соттарында маман тапшылығы айрықша сезілуде. Бұл туралы жыл қорытындысына арналған кеңесте облыстық сот төрағасы Мұхтар Смағұлов мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Қаңтар 2004
  • 716
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, М.Смағұловтың айтуынша, қазіргі жағдаймен 22 сот лауазымы бос тұр. Облыстық сот төрағасының мәліметіне жүгінсек, судья болудан үміткерлер резервінде небәрі 9 адам бар.

М.Смағұлов сондай-ақ, Ақтауда тергеу абақтысының жоқтығы қылмыстық істерді талқылауды дұрыс ұйымдастыруға кері әсерін тигізіп, сот процессіне жиі кедергі келтіретінін атап көрсетті. Қазір Ақтауда тергеу абақтысының құрылысы салынуда, ал әзірше сотталушылар Атыраудағы тергеу абақтысына айдалады.
Кеңеске қатысқан ҚР Жоғары сотының төрағасы Қайрат Мәми облыстық соттардың жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Осы орайда ол соңғы әзірде соттардың материалдық-техникалық базасы нығая түскенін атап көрсетті. Облыстағы судьялар үшін 150-дей кеңсе техникасы бөлінді. Қылмыстық істерді автоматты түрде бөлу үрдісі қолданысқа енгізілуде.
Кеңес соңында облыс әкімі Болат Палымбетов облыстық сотқа «Волга» автокөлігінің кілтін табыс етті.

Соңғы жаңалықтар