Маңғыстау облысы: әкімдік ғимаратының үш бірдей қабаты отқа оранды! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысы: әкімдік ғимаратының үш бірдей қабаты отқа оранды!

Маңғыстау облысы: әкімдік ғимаратының үш бірдей қабаты отқа оранды!

Маңғыстау облысының әкімдігінде өрт шықты. Жергілікті билік орналасқан ғимараттың үш бірдей қабаты отқа оранды. Жалын күндізгі сағат екілер шамасында, түскі үзіліс кезінде тұтанған.

  • 6 Шiлде 2011
  • 472
Фото - Caravan.kz


Әзірге төтенше жағдай қызметі де, әкімдік өкілдері де қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр. Зардап шеккен адамдар бар ма, жоқ па, ол жағы да белгісіз. Бір анығы, жалын екінші қабаттан басталып, төртінші қабатқа дейін жеткен. Облыстың өрт сөндірушілері мен барлық тәртіп сақшылары  жұмылдырылды. Төрт бірдей өрт сөндіру көлігі келді. Әкімдік қызметкерлерінің барлығы қауіпсіз жерге шығарылып, мемлекеттік мекемедегі жұмыс бүгінге тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар