Жарияланды: 380

Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

Бүгін Қызылордадағы мамандандырылған ауданаралық сот Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім кесті. Амангелді Айтқұлов енді 12 жылын қатаң тәртіптегі колонияда өткізуі тиіс. Сондай-ақ, экс-шенеуніктің дүние-мүлкі де тәркіленеді.

Айтқұлов «қызмет бабын асыра пайдаланды» және «көп мөлшерде пара алды» деп айыпталған болатын. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, әкімнің орынбасары қызметін атқарғанда ол Жаңаөзен қаласының дамуына бөлінген біраз қаражатты жеке пайдасына жаратқан. Осы мұнайшылар шаһарындағы жемқорлыққа қатысты Айтқұловтан басқа Жаңаөзеннің екі бірдей бұрынғы әкімі Жалғас Бабаханов пен Орақ Сарбөпеев абақтыға тоғытылғанын айта кетейік.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін