Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Ақтау. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың екімімен Аманкелді Айтқұлов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Қараша 2008
  • 894
Фото - Caravan.kz

Аманкелді Айтқүлов 1966 жылы туған.Жоғары білімді, мұнай және газ өнеркәсібі машиналары мен қондырғыларының инженер-механигі. Техника ғылымдарының докторы.

Облыста мұнай-газ саласында түрлі қызметтер атқарған. 1999 — 2008 жылдары «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Өзенмунайгаз» ендірістік филиалында басқарма бастығы, директордың бірінші орынбасары болды. 2008 жылдың тамыз айынан бері «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Қ.Көшербаевтың өкімімен Қармыс Боқанов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Қармыс Боқанов 1956 жылы туған. Жоғары білімді, математика пәнінің мұғалімі, ауылшаруашылығы өндірісінің зкономист-ұйымдастырушысы.

Облыста ауылшаруашылығы саласында түрлі басқарушы қызметтер атқарған. 1985 — 1995 жылдары Маңғыстау ауданындағы «Тұщықұдық», «Бозашы» совхоздарының директоры, 1999-2007 жылдары Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары болды. 2007 жылдан бері облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы кызметін атқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар