Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Аманкелді Айтқүлов 1966 жылы туған.Жоғары білімді, мұнай және газ өнеркәсібі машиналары мен қондырғыларының инженер-механигі. Техника ғылымдарының докторы.

Облыста мұнай-газ саласында түрлі қызметтер атқарған. 1999 - 2008 жылдары "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ "Өзенмунайгаз" ендірістік филиалында басқарма бастығы, директордың бірінші орынбасары болды. 2008 жылдың тамыз айынан бері "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Қ.Көшербаевтың өкімімен Қармыс Боқанов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Қармыс Боқанов 1956 жылы туған. Жоғары білімді, математика пәнінің мұғалімі, ауылшаруашылығы өндірісінің зкономист-ұйымдастырушысы.

Облыста ауылшаруашылығы саласында түрлі басқарушы қызметтер атқарған. 1985 - 1995 жылдары Маңғыстау ауданындағы "Тұщықұдық", "Бозашы" совхоздарының директоры, 1999-2007 жылдары Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары болды. 2007 жылдан бері облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы кызметін атқарды.