Маңғыстау облысы: батуттың астында қалған балалардың жағдайы мүшкіл - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысы: батуттың астында қалған балалардың жағдайы мүшкіл

Маңғыстау облысы: батуттың астында қалған балалардың жағдайы мүшкіл

Маңғыстау облыстық ІІД 14 бала зардап шеккен батуттың иесіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бүгін кәсіпкерден ешқайда кетпеу туралы холхат алынып, тергеу шарасы басталып кетті. Естеріңізге салсақ, кеше Ақтауда қатты дауыл болып, балалар алаңындағы батут 14 баланы басып қалған. Ауыр жарақат алған бірнеше баланың жағдайы әлі де қиын.

  • 27 Мамыр 2011
  • 725
Фото - Caravan.kz

Маңғыстау облысындағы Жетібай аудандық ІІБтөтенше жағдай орын алғаннан кейін  екі тәулік өткеннен соң ғана қылмыстық іс қозғады. Ал оның иесі ешқайда кетпейтінін айтып қолхат берген.

Гүлзада Төүлеуғалиева, Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

— ҚР Қылмыстық кодексінің 111 бабы 2 бөліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл  екі және одан да көп адамның денсаулығына байқаусыз түрде зиян келтіруіне қатысты. Қазір барлық куәгерлер сұралып, балалардың зардап шегуіне қатысты мәлімет жинап жатырмыз.

Оқыс оқиға Мұнайшы ауылында орын алды. Қатты соққан жел балалар ойнап жүрген батутты төңкеріп тастаған.  Төрт бала ауыр жағдаймен ауруханаға жеткізілген болатын. Олардың арасында болған 7 жастағы қыз әлі есін жиған жоқ. Дәрігерлер кеше түнде бүлдіршіннің басына бірнеше сағат бойы операция жасапты.

Қойшыбай Сарғожаев, Маңғыстау облысының бас нейрохирургы:


— Қазір болжам айту қиын. Жағдайы түзелді деп айтуға да әлі ерте. Аздап көзі жабылып қалды.
Қысым көтерілгендіктен осылай болады.

Зардап шеккендердің ең кішісі 2 жаста. Ол да әртүрлі дене жарақатын алған. Сәби қазір тетелес әпкесімен бірге әлі де дәрігерлердің бақылауында. Сондай-ақ  бірінші сыныпта оқитын тағы бір бала бүгін жан сақтау бөлімінен шығарылды. Дәрігерлер оған да күрделі операция жасаймыз деп отыр.

Күләш Аманжолова, баланың анасы:

— Бала тамақ ішпейді, сөйлеспейді, міне,тек ұйықтай береді. Ыстығы да көтеріліп жатыр. Басында ірі жарықшақ пайда болды. Соған қатысты томографияжасадық.

Осы төтенше жағдайдан кейін Маңғыстау облысындағы балалар алаңы жаппай тексеріле бастады. Дегенмен оның барлығы қауіпсіздік ережесін мүлдем сақталмаған болып шықты. Тіпті кейбірінің балалар алаңын ашуға арнайы рұқсаты да жоқ екен.

Соңғы жаңалықтар