Маңғыстау облысы даму динамикасы мен аймақ рейтингтері бойынша алдыда келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысы даму динамикасы мен аймақ рейтингтері бойынша алдыда келеді

Маңғыстау облысы даму динамикасы мен аймақ рейтингтері бойынша алдыда келеді

ҚР Маңғыстау облысы 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму рейтингі бойынша 1 орын алды, деп облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Шiлде 2011
  • 831
Фото - Caravan.kz

«Маңғыстау облысы 2010 жыл қорытындысы бойынша аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы бойынша 16 аймақ арасында бірінші орын алды. Одан кейін Астана қаласы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облысы келеді», — делінген дүйсенбі күні таратылған баспасөз қызметінің хабарында.

Сондай-ақ 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың аймақ арасындағы рейтингі бойынша Маңғыстау облысы 3 ші орын алып, аймақтар арасындағы бірінші топқа (Астана, Алматы қалалары мен Атырау облысымен бірге) кірді.

Халықаралық «Fitch» агенттігі 2010 жылы облыстың инвестициялық тартымдылығын тағыда растап, оң деп бағалады. Маңғыстау облысы барлық елді мекендері сумен, газбен, электр қуатымен, телерадиохабар, цифрлық байланыспен, интернетпен толық қамтамасыз етілген республикадағы жалғыз облыс.

Еске салсақ, Астана, Алматы қаласы мен облыстар арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму рейтингісі жыл сайын жүргізіліп тұрады. Онда негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер (45 индикатор) қамтылған. Рейтингілер ресми статистикалық көрсеткіштер негізінде жасалады.

Аймақ рейтингілерін анықтау жөніндегі комиссия президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусиннің төрағалығымен өткізіліп тұрады.

Комиссияның жұмыс органы ҚР статистика агенттігі.

Соңғы жаңалықтар