Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болып Гүлжан Байжауынова тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болып Гүлжан Байжауынова тағайындалды

Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болып Гүлжан Байжауынова тағайындалды

Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджановтың өкімімен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болып Гүлжан Байжауынова тағайындалды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

  • 25 Қазан 2012
  • 571
Фото - Caravan.kz

Байжауынова Гүлжан Маңғыстауқызы 1961 жылы дүниеге келді, ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1983-1986 жылдары «Қарақұдық» совхозының (Жаңаөзен қаласы) экономисті, аға экономисті, содан кейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тексерушісі болып жұмыс істеді.

1986-1995 жылдар аралығында агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің кәсіподағы облыстық комитетінің әлеуметтік сақтандыру нұсқаушысы, «Маңғышылақ» АӨК-нің маманы, ауылшаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті сатып алу және олардың сапасы бойынша облыстық инспекцияның аға маманы, «Касқор» АҚ-ның жетекші экономисті қызметтерін атқарды.

1995-2005 жылдары Ақтау қаласындағы Баға және монополияға қарсы саясат бойынша аумақтық комитетінің жетекші маманы, содан кейін бас маманы, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде бөлім бастығы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2005-2007 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастығы, Маңғыстау облысы бойынша Тарифтер бойынша басқарма бастығы, Маңғыстау облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

Соңғы жұмыс орны: 2007 жылдан бастап Маңғыстау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар