Маңғыстау облысына Ираннан 23 отбасы көшіп келді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысына Ираннан 23 отбасы көшіп келді

Маңғыстау облысына Ираннан 23 отбасы көшіп келді

Тегераннан ұшқан арнайы рейспен Маңғыстау облысына Ираннан 23 оралман отбасы көшіп келді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қараша 2003
  • 410
Фото - Caravan.kz

Оралмандарды облыс әкімінің орынбасары Есен Күмісқали күтіп алды. Оларға Жаңаөзен қаласындағы жаңа пәтерлердің кілті табыс етіліп, алғашқы бейімделу кезеңіне арнап дәрі-дәрмек, азық-түлік өнімдері мен азын-аулақ материалдық көмектер берілді.

Әзірге оралмандарды жұмысқа орналастыру мәселесі шешілген жоқ. Тарихи отанға оралған қандастарымыздың небәрі 10 процентінің ғана жоғары білімі бар екені белгілі болды.
Облыстық әкімшіліктің көші-қон басқармасының бастығы Түменбай Құлжановтың айтуынша, биыл бұл аймаққа 38 отбасы көшіп келеді деп межеленген, алайда, әзірге 23-і ғана келуге мүмкіндік алып отыр.
Жалпы, үстіміздегі жылы Ираннан 355 қазақ отбасы көшіп келеді деп күтілген болатын. Алайда, республикалық бюджеттен оралмандар қажеттігіне арнап жоспарланған 700 млн. теңгенің орнына небәрі 400 млн. теңге ғана бөлінгендіктен, 200 отбасына ғана квота берілді.
Алайда, облыстық көші-қон басқармасының мәліметіне сәйкес, облысқа барлығы 193 отбасы көшіп келген.
Жыл сайын Маңғыстау облысына шамамен 3 мың отбасы (7 мың адам) оралуда.
Олардың арасында небәрі 350 отбасы ғана мемлекеттік квота бойынша келіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар