Маңғыстау облысында 11 жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттар бұзылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында 11 жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттар бұзылды

Маңғыстау облысында 11 жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттар бұзылды

Маңғыстау облысында 11 жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттар бұзылды, деп хабарлайды ҚР бас прокуратурасы.

  • 8 Маусым 2011
  • 638
Фото - Caravan.kz

Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Маңғыстау облысы бойынша жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне 2010 жылы және 2011 жылдың І тоқсанында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР заңын сақтау бойынша тексеру жүргізді. Тексеру барысында басқарманың лауазымды тұлғалары жоғарыда аталған заңның 17 б. 22 т. бұза отырып, келісімшарттардың шарттарын орындауына бақылау жүргізбейтіні анықталды.

Атап айтқанда, 2010 жылы жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт бойынша міндеттерін орындауы мәселесі бойынша бір де бір тексеру жүргізілмеген.

Прокурорлық тексеру барысында анықталғандай, жер қойнауын пайдаланушылардың бәрі бірдей келісімшарттар бойынша шарттарды орындамайтыны анықталды.

Мысалы «Найза-Құрылыс концерні» ЖШС-імен 2008 жылдың 14 мамырында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Сарытас учаскесінде құмды-қиыршық тас қоспасын (ҚҚТҚ) өндіруге № 1999 келісімшарт бекітілген.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасымен, Маңғыстау облысының аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясымен келісілген жұмыс бағдарламасына сәйкес, ҚҚТҚ өндіру 2008 жылы 10 мың т.м., 2009 жылы 100 мың т.м., 2010 жылы 150 мың т.м. құрауға тиіс. Алайда аталған кәсіпорын ҚҚТҚ өндіруді әлі күнге дейін бастамаған.

Ал келісімшарттың 27.4 т. сәйкес, мердігер келісімшартта немесе жұмыс бағдарламасында көрсетілген міндеттерді орындамаса, келісімшарт мерзімнен бұрын күшін жоғалтады. Бұл талаптарға қарамастан, жер қатынастары басқармасы «Найза-Құрылыс концерні» ЖШС-імен келісімшартты бұзбаған.

Келісімшарт бойынша міндеттерін орындамаудың ұқсас фактілері келесі жер қойнауын пайдаланушылардан анықталған: «Дорсервис» ЖШС, «Атре» ЖШС, «Сәулет-1» ЖШС, «Буратас» ЖШС, «Магистраль-МК» ЖШС, «Металэкс-2003» ЖШС, «Әсел» ЖШС, «Nagashi» ЖШС, «Мангистауинжстрой» ЖШС, «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы анықталған заң бұзушылықтар бойынша Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы бастығының атына келісімшарт бойынша міндеттерді орындамаған жер қойнауын пайдаланушыларға шара қолдану туралы ұсыным енгізілді.

Ұсынымды қарау нәтижесі бойынша жоғарыда аталған компаниялармен жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарт біржақты түрде бұзылды.

Соңғы жаңалықтар