Маңғыстау облысында 14 жастағы қыздың ішегінен бір уыс шаш пен ине шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында 14 жастағы қыздың ішегінен бір уыс шаш пен ине шығарылды

Маңғыстау облысында 14 жастағы қыздың ішегінен бір уыс шаш пен ине шығарылды

 

  • 17 Қаңтар 2020
  • 41
Фото - Caravan.kz


Маңғыстау облысының дәрігерлері 14 жастағы мүгедек қыздың ішқұрылысынан бір уыс шаш пен инені алып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Азамат Сәрсенбаев есімді желі қолданушысы өзінің Facebook парақшасында жариялады.

"15 қаңтар күні Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында шұғыл түрде ауыр ота жасалып, 14 жастағы ДЦП-ға шалдыққан мүгедек қыздың өмірін аман алып қалды. Ауруханаға түскен жеткіншек іші түйіліп, қатты ауырып жатқандығын айтқан. Жедел түрде жасалған рентген анықтамасы қыздың ішегінде бөгде заттың бар екендігін көрсеткен. Отарғазиевтің шұғыл әрекеттерінің арқасында қыздың ішінен ине мен бір уыс шаш шығарылды. Ота сәтті өтті. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы тұрақты, отадан кейін қиындықтар болмаған", — деп жазыпты Сәрсенбаев.

Соңғы жаңалықтар