Маңғыстау облысында 2004-жылы тұрғын үй салу және сатып алуға 2 млрд. теңгеден астам банк несиелері бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-17 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында 2004-жылы тұрғын үй салу және сатып алуға 2 млрд. теңгеден астам банк несиелері бөлінді

Маңғыстау облысында 2004-жылы тұрғын үй салу және сатып алуға 2 млрд. теңгеден астам банк несиелері бөлінді

Маңғыстау облысында 2004-жылы тұрғын үй салу және сатып алуға 2,2 млрд. теңге көлемінде банк несиелері бөлінді. Бұл туралы 18-қаңтарда тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға арналған кеңесте Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Берік Нұрманбетов жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қаңтар 2005
  • 432
Фото - Caravan.kz

Б.Нұрманбетовтың айтуынша, 2004-жылы тек Ақтау қаласының өзінде 59,9 мың шаршы метр жоспарланғанына қарамастан, 77,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

2005-жылдың наурыз айында Ақтауда жалпы аумағы 10,4 мың шаршы метрді құрайтын 100 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Ол ипотекалық несие беру принципі бойынша сатылады. Жаңа үйдегі бір шаршы метр аумақтың құны 346 долларды құрайды.
Б.Нұрманбетовтың айтуынша, пәтерлер көбінесе бюджетті ұйымдардың қызметкерлеріне, соның ішінде көп балалы жас отбасыларға беріледі. «Қазір үміткерлердің ипотекалық несие алу құқығын бағалайтын арнаулы тұрғын үй комиссиясы құрылуда»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта