Маңғыстау облысында алдағы үш жылда қылмыспен күрес саласына 836 млн. теңге жұмсалады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында алдағы үш жылда қылмыспен күрес саласына 836 млн. теңге жұмсалады

Маңғыстау облысында алдағы үш жылда қылмыспен күрес саласына 836 млн. теңге жұмсалады

Маңғыстау облысында заң бұзушылықтардың алдын алу және қылмыспен күрес жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны жүзеге асыруға 836 млн. теңге, соның ішінде республикалық бюджет есебінен 570 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 265 млн. теңге жұмсалады. Бағдарлама облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Сәуiр 2005
  • 503
Фото - Caravan.kz

Отырыста атап көрсетілгеніндей, соңғы уақытта облыс бойынша тіркелген жалпы қылмыстық әрекеттер саны 34 процентке артты. Ал ауыр қылмыс түрлерінің өсімі 30 процентке жетті. Жыл сайын сансыз қылмыс түрлері ашылмай қалады, қылмыскерлердің басым бөлігіне іздеу жарияланған.

Сонымен қатар заңсыз есірткі айналымы, кәмелеттік жасқа жетпегендер мен жастар арасындағы қылмыс санының артқаны айтылды. Әрбір екінші кісі өлтіру оқиғасы мас немесе есірткіге елтіген жағдайда жасалса, әрбір жетінші қылмысқа кәмелеттік жасқа жетпегендер қатысты.
Аймақтағы қылмыстық ахуалды заңсыз көші-қон тіптен өршіте түсуде. Бұл құбылыс өңірге қару-жарақ, есірткі мен қылмыскер- экстремистердің енуіне түрткі болуда.
Бекітілген бағдарламаға сәйкес, ұйымдасқан қылмыспен күрес, ішімдікке салыну құбылысын азайту, араққұмарлық пен нашақорлықтың, қылмысқа қайталап ұрынудың алдын алу, кәмелеттік жасқа жетпегендер мен жастар арасындағы қылмыстардың алдын алу, қараусыз жетімектердің санын азайту, жол қозғалысы саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алуға басымдық беріледі.
Бағдарламада емдеу-профилактикалық мекемелердегі орындардың санын арттыру, ерікті жасақшылар қозғалысын, кәсіпорындар мен оқу орындарындағы, тұрғылықты жерлердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңестерді, қайтадан жаңғырту, полицияға қолғабыс жасаушы топтарды жасақтау қарастырылған.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жастар арасындағы ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны кемиді деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта