Маңғыстау облысында алғашқы жарты жылдықта мұнай және ілеспе газ өндіру көлемі 7,3% артты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында алғашқы жарты жылдықта мұнай және ілеспе газ өндіру көлемі 7,3% артты

Маңғыстау облысында алғашқы жарты жылдықта мұнай және ілеспе газ өндіру көлемі 7,3% артты

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Маңғыстау облыстық тау-кен кәсіпорындары 155168,8 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл -өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 7,5% артық. Облыстық статистикалық басқарма төрайымы Галина Иванованың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, өткен 6 айда тау-кен кәсіпорындарында өндірілген өнім мөлшерінің ұлғаюы мұнай және ілеспе газ өндіру көлемінің 6495,0 мың тоннаға дейін немесе 7,3% артып, 199564,1 млн теңгені құрауының арқасында мүмкін болып отыр.

  • 16 Шiлде 2003
  • 584
Фото - Caravan.kz

Ал тау-кен өнеркәсібінің басқа салаларында өнім мөлшері 2,5 есе артты, мұндай көрсеткішке құмтас өндіру көлемі 1,2 есе (144,4 мың текше метр), қиыршық тас өндіру көлемі 7,4 есе , сондай-ақ, мұнай және газ өндіру саласындағы қызметтер көлемі 12% өсуінің арқасында қол жеткізілді.

Сонымен бірге, биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылғы жарты жылдықпен салыстырғанда Ақтау кәсіпорындарының есебінен (12 есе) газ конденсатын өндіру көлемі 30,8 мың тоннаға дейін , яғни, 1,7 есе өсті. Алайда Жаңаөзендік кәсіпорындар газ конденсатын өндіру көлемін 18,1% азайтқан.
Ал биылғы алғашқы жарты жылдықта табиғи көгілдір отын өндіру көлемі 11,8%-ке азайып, 534,2 млн. текше метрді құрады. Өткен жылдың алты айында бұл көрсеткіш 605,7 млн. текше метрді құраған болатын.
Тау-кен өнеркәсібінің басқа да салаларында өнім өндіру көлемі 15,2%-ке кеміді.

Соңғы жаңалықтар